Ең алғаш рет естігенімде, ойланбастан “Ия” деп жауап бере салғам. Себебі отау тігер күнге дейін тым алыс еді және ең бастысы “бассыз” ғашық болып, жүр десе айға да ұшып кетуге дайын едім. Не деген романтика! Тойды жоспарлағанда міндетті түрде 500 адамнан кем емес қонақтар саны, ауыстырып киетіндей 5 көйлек (бір күнде қашан үлгерер ем екен? деген ой келмеді де ол кезде мына ақымақ басқа), 10001 раушан, 20 орындық екі лимузин немесе аттар жегілген карета, “Музарт” тобы және үлкееееееееееееееен торт. Осы менің тойымды армандағандағы “мелочьтар”! Балалықтың белгісі ғой расынды. Мүмкіндікте емес тіпті мәселе. Мәселе “Өмірімде бір рет болатын тойымды бар әлем білуге тиіс” деген таяз ой. Санамның сондағы жетіп болған жері. Қызық, “Will you marry me?” деген адамнан да еш қарсылық көрмедім.

Ал бүгін ше? Бүгін тойдым неғұрлым қарапайым өтсе, соғұрлым маған жақсы. Не болғанын өзім түсінбеймін! Бірақ еш нәрсе керек емес секілді, бар тілек, Алла деп әкемнің “сәукеле кигізіп ұзатам ” деген арманын орындау ғана. Басқа еш нәрсе емес.  Ең жақын деген адамдардың арасында шамалы тойлап,  жаңа өмірге қадам жасау.

Жылына бір рет болса да, ” Will you marry me?” дегенді естимін, бірақ жыл өткен сайын “Ия” дегенім “Мүмкін”. “Көреміз”, “Уақыты келсін”, “Асықпа” дегендерге ауысты. Бұл махаббатың ақырын өлуі ме, әлде есейп, өмірге реалисттік көзқарастың пайда болуы ма?

“Той үстінде тәтті күндер, тәтті күндер……..”

3648013396_f8bb60dafa

14 responses »

  1. Ақзере says:

    Қандай керемет, Айжан! Дәл менің ойымды тауып айттың ғой. Басында мен де осылай болады деп армандааап кететінмін. Ал қазір, “үйленеміз ғой” дегенге, “ия, көреміз ғой”, “мүмкін”, “уақыт келгенде көреміз” деп жылы жауып қоясың. Бәрі сол реалистік көзқарастың пайда болуынан болар… ))

  2. aizhannur says:

    arine, uilenu onai, ui bolu kiyn goi… tipti masele akwada emes, al adamnyn ozinde eken! kop kurbylarymyn neke kigan son, durys oteu kura almai jurgenderin korgende wynymen korkaiyn deisin…

    wyn suisen,nesine oilanasyn deoitin `danywpan` tanystardyn sozine awuym ekeldi osy kun.. durildetip otkizgen ademi toilardan kein de, keide muldem ademi emes aiyrylysu bolyp jatady eken.. al men omirimde bir ak ret kuieuge wykkym keledi… sodan goi `koremizderim` kobeip bara jatkany…

  3. Ansar says:

    Бақытты ғұмыр кешу ішін екі жасқа махаббат сезімі аздық етеді. Одан да басқа адами құндылықтарк ерек.

    Байқағаным, нәзік жандылардың көбінде осындай жас ерекшеліктеріне қатысты өзгерістер байқалады екен.

  4. urimtal says:

    Сурет қандай қорқынышты! Сәтті тұрмыс құруыңа тілектеспін!

  5. Farid says:

    Знал бы прикуп, жил бы в Сочи демекши, алдын ала ненин бакыт акелип, ненин мунга душар етерин биле алмайсын. Ал алги жауаптын озгеруине келсек, ол жигитке байланысты менше, мен кезинде осы ертегини (коремиз, бираздан дайын болам) бираз тындадым да, бир-ак кеште шешип тастагам, (мамасына бардым да “бес кун ишинде кудаларды жиберем, дайындала бериниздер, ал арты койыртпакка айналып бара жатканын байкасам алып кашам” дедим:)) Сондыктан, ол жигиттин жагдайымен салмагына байланысты.
    Кал калай, Бибижан?:)

    • aizhannur says:

      Agaaaaaaaaaaaaaaa, amansyz ba?
      Ui iwi? Jenwem kalai?
      sizdi kop boldy goi kormgeli🙂

      sozinizge kosylam… adettegidei salmakty pikir bildirdiniz!

      P.S. altyn jenwemdi kalai gana kolga tusirdi eken desem, tura wantajist ekensiz goi😀

  6. timurrr says:

    Мен де дәл Сіз секілді тәтті-тәтті қиялдарға берілуші едім. Қызым да сіз секілді сиырқұйымшақтандырып… Бірден шорт кестім “Құдаларды күтің. Қалғанын көріп алармын…” деп:)) Мендегі “Бойдақтың арманы” соның алдында жазылған болатын. Содан құда түсіп, сырға салып қойған жайымыз бар. Енді отырмыз “ИншАллаһ” деп, неке қияр күнді шыдамсыздана күтіп:)) Не ғой… Негізі жігіт сәл батыл қимылдап Сіздің “Көрерміз”, “Уақыт бар ғой” деген “сиырқұйымшақтарыңызға” қарамай, жігерлі қимылдауы керек. Ал егер Сіздің “Мүмкініңізге” келісе салса, онда оның өзінің де Сізге байланысты жүрдім-бардым қатынаста болғаны…

  7. Kaldykyz says:

    Ал мен қазір маған не керек екенін өзім де білмеймін, тұрмыс құрып балалы шағалы болудың орнына басқа қайдағы жоқ нәрсеге бас ауыртып, қиялданып отырамын. Қартайғандықтың белгісі ма или мен алжыдым уже )))

  8. Менін тойымда Макпал Жунісова тілек айтып, ән шырқасаааааааааааааа…………. ооооууу…….
    соңында тобелес болмаса …………
    калганы …. )))((( Кудай екен буйыртканы боладыда …

  9. Ruslan says:

    Men kyzymdy alyp kawtym iagni uilendim betin awtyk endi alda toi bolmakwy kuni erten kewki 9da bolady kudai bilsin kalai otetini kudai saktasyn jaksy otetin wgar inwallah!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s