Ол қолындағы кесені абайсызда сындырып алды. “Несіне алдым тап осы кесені?” деген ойды ойлап болам дегенше, едендегі кесе сынықтарын тез-тез жинап тастады. “Арман білсе, ренжіп қалады-ау, енді қайтсем екен? Оның ең сүйікті кесесі еді… Қазір дүкенде бәрі бар, мүмкін тап осындай біреуі табылар?” деп, үлкееен үмітін арқалап, дүкендерді араламақ ниетімен жылдам жинала бастады. Арманың Щынардың күйеуі. Жұмыстан келем дегенше әлі 5 сағат бар. Сонымен Шынар айнадағы өзінің көрікті бейнесіне бір қарады да, ерніне сүйікті далабын жағып, үйден шығып кетті. Ой сол бір кесені табу. Басқа түк жоқ көңілінде. Қаладағы мықты деген дүкендерді араласа да, Арманның кесесін таппады. Таппайтынын ішінен сезді, алайда “Мүмкін “Прага” дүкенінде болар” деп, такси ұстамақ болып қолын көтерді. Жанына көзді алар қып-қызыд Ауди А8 маркалы көлік тоқтады. Шынардың арманындағы машина еді, көздері өзінен өзі жанып, белгісіз күйге түсті. “Ақыры тоқтаған екен, отыра салайын” деп, машинаның артқы есігін ашты. “Праға” сол жақ жағалаудағы дей бергенінде жүргізуші “Мәәә, Шынар, танымайсың да ағаңды!!!  Мен ғой Әсет!”  “Әсеееет!!! Қалай өзгеріп кетіпсің!!!” деп машинадан шықты, Әсет те шығып Шынарды құшақтап, сүйе бастады. Әсет Шынардың әкесінің ағасының баласы еді. Көптен бері көріспегендіктен сондай толқып, қуаныштарын жасыра алмады.

“Прагадан” кесе табылмады. Бірақ Шынардың көңіл-күйі керемет еді. Үйге кешкісін бір-ақ келді. Арман үйде екен. Қабағын түйіп алған. “Кесе туралы біліп қойған шығар-ау” деп, енді “Жаным” дей бергенінде, “Үндеме” деген Арманның ашулы даусы естілді. “Кесеге бола сонша ашуланғаның қалай?” деп сұрады, сонда Арман “Сен кесені емес, менің жүрегімді сындырып алдың” деп Шынардың қолына конверт ұсынды. Ал конверт ішінде Шынар бөгде еркекпен құшақтасып тұр. ОЛ Әсет еді, алайда мұны тек Шынар білетін, ал Арманға оны қалай дәлелдейді? Шынар күйеуін тым жақсы білетін. Қызғаншақ, қызба жан Арманға енді не десе де, бәрі бекер.

“Несіне алдым тап осы кесені?” деп Шынар еденге  отырып, дауыстап жылай бастады…..

the-truth-broken-bowl

11 responses »

  1. arsenal777 says:

    бір постта екі брендты жарнамалап қойдыңыз🙂 астанадансыз ба?

  2. sekisbek says:

    Секісбектен нақыл-ақыл: “Кесе сынса да, өзің сынба!”

  3. sgizd says:

    Неғылған еркек Арман?!😦
    Қойнындағы әйеліне сенбей артынан аңду салғаны ма сонда? О, Құдай!

  4. Ansar says:

    Егер мен қарындасыммен құшақтасатын болсам, мейлі көшеде немесе басқа жақта, …. сонда әйелім үйде оқтауын алақанына соғып, дайындалып отырады ма?🙂

  5. aizhannur says:

    munda er adamdar jaily, kyzdar jaily aitam…

    al negizi, karyndas degen ote aukymdy ugym :)))))))))))

  6. Ақзере says:

    Осы қызғаншақ еркектерді түсінбеймін. Соқыр қызғануды жаным жек көреді. Бейшара қыз кесе сынған соң, күйеуі келіп “концерт” қоятынын білген ғой. Осылай өмір бойы қорқып өмір сүру қандай жаман! Құдай бетін әрі қылсын!

  7. байгус келіншек ай ……… бағын ашылсын.. (((((((((

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s