созылған, сызылған күндердің ізінде
мен сені іздедім,жазымен, күзімен
көктемнің өзінде жылымық күнінен
қыс бойы ұлпадан аспаннан үзілген

күн тұрса тамшылап,өксігін баса алмай
тамшыға қараймын мұқият көз алмай
мендегі жанардың ішінде тығылып,
кірпіктен аса алмай қалғандай жас талай!

жұлдызды көрпесін қара түн жапқанда
қарайған аспанда ай шалқып жатқанда
қарақшы жұлдыздар жетеуі бірігіп
ұрлап ап мазамды,сатыпты жат жанға.

арада көк мұхит жатқан соң, әрине
сену де қиын ғой бәріне-бәріне
мен сені көремін күннен де, түннен де
уақытша гүлдердің, уақытша сәнінде

сағыныш-сары кұс жеткізер жайымды
жылап та алғанмын құшақтап қайыңды)
әрең деп тапқанда мен сені сүйіктім
сұм тағдыр аямай тағы да айырды!

сағат пен күн санап жүргенім тағы бар.
кезігер бір уақыт біз үшін табылар.
жаны жоқ адамдар ұқпауы ықтимал,
түсінер мұнымды жаны бар адамдар!

2054194_12649242_12019320_9134276_3355294_779061_475811

5 responses »

  1. Ansar says:

    Сағынғаныңызға қарағанда әлі де болса үміт бар сияқты.
    Үміт болмағандықтан сағынудың да қажеті болмады мен үшін.

  2. aizhannur says:

    eskinin kaldyktary ….

    kewegi olender kategoriyasynda tur goi :)))))

  3. Boken says:

    Umitsiz shaitannan deidgoi umit uzbeu kerek😉

  4. жылап та алганмын кушактап кайынды. )
    ))))) косылып жылайтын ем, касында болмаганымды караш )))))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s