Жаным біреу болса дағы, жарты жаным өзіңде

Ұшу үшін көк аспанда емін-еркін көсіле,

сен керексің, ұғасың ба,қымбаттым -ау тіл қатшы.

СЕН КЕРЕКССІҢ өзі сөзім тұрсың мәңгі есіңде.

Не айтса да  сен туралы елдің бәрі жабылып

Даттау сөздер өзен болып жатсын мейлі ағылып.

Ақтап алам өз – өзіме сені және ісіңді,

Аппақ нұрын көңіліңнің алқа қылып тағынып.

Керек десең бәрін тастап еріп жүрем ізіңнен.

Үмітіңді жалғап жүрем болса егер үзілген.

Жанымның сен сыңарысың, керегі де бір өзің.

Шаттық көру бар арманым сенің айдай жүзіңнен.

Осыдан соң сүйем деудің өзі артық секілді.

Жаулап алдың жүрегімді, тартып алдың еркімді.

Бәрін кешем, бәрін берем,бір өтініш бар бірақ,

Еш уақытта, еш жағдайда бұзба, сәулем, сертіңді!!!

11133054_lebedi

One response »

  1. Ansar says:

    Керемет өлең. Жылататындай екен. Ол қандай адам болды екен деп ойланып отырмын …

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s