Бүгін 23-ке толдым… Анамның айтуынша көп күткен сәбиі мен. Әкем де мені ерекше еркелетеді. Оның себебі де бар. Менің алдымда ата-анамның бір ұлы шетінеп кеткен. яғни менің ағам.  Көз тиді дейді. Шынымен суреттерінде ағам өте әдемі, өте мықты болған екен. Кішкене сәби болғанына қарамастан 1 жасында 3 жасар баладай. Әжем жұрттан тығып, қаншама  қорғаштамаса да ағам шетінеп кетіпті.Әкем ағама Әділбек деп есім қойған. Осы күндері неге қойдым, әділдік ол кезде жоқ еді , сол себеп Алла өзі беріп, өзі алып қойды дейді.  Сәбилер жүмаққа барады деп әке-шешешімді жұбатып қоямын. Жалпы бөпесінен айырылу әр адамға қатты соққы. Анам қатты күйзеліске ұшыраған екен. Әйтеуір күндердің күнінда мен дүниеге келіп, қуанышы болдым.🙂 Содан менің артымнан інім мен сіңлім барына қарамастан, өте еркемін. Ағама да сәби кезімде қатты ұқсайдым. Тек ол өте ірі болған ғой, ал мен “среднестатистический” сәби болыппын. Әкем ырымдап мен үшін жаңа бесік алған, сол бесік әлі де бар. Алла маңдайыма бала туыды жазса, бүйырса сол бесікке өз бөпелерімді жатқызам деп ойлаймын.

Сонымен бүгін 23-ке келдім. Өз туылған күнімде, дүниеден тым ерте кеткен ағамды есіме алам. Неге екенін білмеймін, бірақ ылғи солай. Алладан жанын жанатта етуін тілеймін.

Мүмкін  туылған күнімде басқа ойда болуым керек шығар, бірақ осы ойлар еріксіз келеді…

19 responses »

  1. Фарид says:

    Ооооо, туған күнің құтты болсын, Бибіжан!!! Ағаң, Аллаһқа еркелейді ғой, ата анамсыз кірмеймін деп жәннатқа, ал Жаратқан қабыл етеді деп естігем, бір ағайдан… Саған ұзақ, бірақ өнегелі өмір берсін!

  2. aizhannur says:

    aumin! rahmet, aga!🙂

    Estigeniniz wyn bolsa jaksy bolar edi🙂 sogan umittenem🙂

  3. Ansar says:

    Балиғат жасына толмаған балалар бірден жәннаттық болады екен шетінегенде. Кейін жәннатта ата-анасын тосып, жәннаттың есігінде тосып алады екен. (Қайдан оқығаным есімде жоқ).

    Туылған күніңізбен, Айжан! Бақытты болуыңызға тілектеспін. Мұндай жазбалар кездесер-ау, бірақ сәбилі болғанда өз бесігіңізне балаңызды бөлеу жайлы жазғаныңыздай кездесе қоямас басқа жерде🙂 Аллаһ ол тілегіңізге де жеткізсін!

  4. mafiyaoglu says:

    ТУЫЛҒАН КҮНІҢІЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! Ақ пен қара қатар жүретін мына жалған өмірде деніңізге саулық, алға қойған мақсат-мұраттарыңыздың орындалуын тілеймін! Аллаһ жар болсын!

  5. Akboken says:

    Tuilgan kuniniz hutti bolsin allah tagala uzah gumir bahitti omir nasip etsin

  6. Зухруша says:

    кеш те болса кутты болсын..бакытты болыныз!

  7. arsenal777 says:

    Туған күніңіз құтты болсын. Бар арман-тілегіңіз әрдайым орындала берсін.

  8. Aikona says:

    23 ке келуіңізбен. армандарыңыздың биігіне шығыңыз. Ех, менде келдім кеше сол жасқа. Қалай сезіле ме? Что то не то атыңыз да ұқсайды маған, жасымызда жасты…

  9. akzere says:

    Шынымен осы сайтты оқып отырып, мынау Айконаның екінші блогы ма деп ойлап қалдым.. )) Неткен ұқсастық🙂

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s