Біздің әулетке деген Жаратқанның оң көзі біздің үйдің жеке меншік бақыты, қуанышы, нұры – жиенім Маржанның туылуымен айқындалған секілді. Кішкене ғана сәби өмірімізді түбегейлі өзгертті. Қаншама шаттық сыйлағанын айтып жеткізу қиын! Тілі әлі шыға қоймады. Жалғыз ғана сөзі-ата. Атасының аузынан түсіп қалғандай, аумайды. Жанынан шықысы жоқ. Әйтеуір аталап оянып, аталап ұйқыға кетеді. Әкем соған мәз. Тұңғыш немересін еркелеткенде, тіпті өзім кейде қызыға қараймын. Маржанымның есімін менкікіне ұқсас болсын деп әкем қойды, мен әкеме тартқан соң, Маржан өзіме де қатты ұқсайды. Көшеде қыдырсақ, дәрігерге барсақ жұрт жиенімді қызым деп ойлап, артынан олай еместігін білген соң қатты таң қалып жатады🙂.  Алладан осы бір сәбидің бақытын жатқызбауын тілеймін. Жалпы балалардың бақытты болғанын тілеймін. Өмірдің мәні де, базары да , шаттығы да, қуанышы да, гүлі де, сәні де – сәбилер.  Соларымыз аман болсын🙂

P.S. koz timesin dep  tukirip koiynyzdarwy :) DSC01307

3 responses »

  1. Ansar says:

    Сәбилерден асқан бақытта адам бола қоймас🙂 Ешқандай да уайым-қвйғы, қорқыныш пен жауапкершіліке жоқ. Тек қарын тойса болғаны.

  2. Ақбөкен says:

    пәле қаладан болсын аллаһ тағала жолын ашық қылсын

  3. Ақбөкен says:

    Аман болсын дейін деп теріс жазып қойдым кешіріңізші?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s