in_polygamy_1Ар жағы айтпай-ақ белгілі. Негізі көп әйел алу салтымызда бар, кезінде кең етек жайған жағдай . Көп әйел алумен сол замандары ешкімді таң қалдыра алмайсың да. Қазір ше? Бүгінгі күні полигамия ұятты дүние, қоғамда, әсіресе әйелдер қауымында наразылық тудыратын бір де бір үлкен мәселе. Совет одағында өткізген 70 жылдың жемісінің бірі осы.  Біздің көп қыздарымыз екінші әйел болғанша, біреудің ашынасы болған тәуір деген ойды айтады. Неге? Себебі, біріншіден, екінші әйел деген жаман атақты болғанша, “гламурно” ашына болаған артық, екіншіден, жауапкершілік жоқ, үшіншіден. күндегісін кірін жуып, асын дайындап, көңілін тапқаннан, аптасына бір рет көретін “күйеуінің” көңілін табу әлде қайда жеңіл. Ал, заңды екінші әйел болуға дайын қыздарды  ескінің “кемесінде” қалып қойған, заман ағымынан шет жандар деп қабылданады. Оның үстіне ол қыз мұсылман болса, онда тіпті  басы айналған, ертең-ақ  террорист болуға дайын жүр деген әңгімелер жүреді. Әйтпесе жөні дұрыс қыз екінші әйел болуға келісе ме?

Өз қара басым екінші әйел алуына да, болуға да қарсы емеспін. Мүмкін осыдан бір-екі жыл бұрын бұл мәселеге көзөарасым басқа болар ма еді. Қарсылардың қатарынан болып шықсам таң қалмас та едім. Бірақ осы күні, өмірден сабақ көрген соң, көп жағдайда екінші әйел алу ең тиімді шешім деп есептеймін.Тіпті заңдастырса да еш қарсылығым болмайды.

Менің бір құрбым басынан өте бір қиын жағдайды кешіп жүр. Қазір не болғанын білмеймін, бірақ екеуміз араласып жүрген кезі мәселесі мынау еді: ол өзінен 20 жыл ересек бір ер азаматқа ғашық болды. Ал ол ер азаматтың әрине отбасысы бар еді. Әйелі мен екі баласы. Сырт көзге керемет жанұя.  Құрбым қатты қынжылатын. Ағамыз да оны сүйем, үйленем деп әблен басын қатырды. Алайда айрандай ұйып отырған отбасын қимайтыны шын. Әйелі де, балалары да отағасының тағы бір “жұбайы” бар екенін білетін, бірақ білмеген сыңай танып жүре берді. Бұл жүздеген мысалдардың бірі ғана. Ал егер бізде екі әйел алуға рұқсат беретін заң болғанда, мүмкін бәрі өзгеше болар ма еді? Елестетейікші: құрбым екінші әйелі болса, апкеміз бәйбіші атанар еді, ел алдында сыпсың сөз астында қалмай, абыройлы болар еді, құрбым еш ойланбастан бес-алты бала туып, қазақ санын көбейтер еді, ағамыз да заңды түрде өз тегін беріп, 7 баланың әкесі атанып, құрметке ие болар еді. Оның үстіне баяғы салтымыз жанданып, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сүннетін қуалайтын едік.

Өз басым осыдан ұтылмаймыз деп ойлаймын. Бәрі заңды. Жалғыз басты аналар, әкесіз өскен ұрпақ аз болар еді.  Ең бастысы ел ішінде зинақорлыққа қадам басу азаяр еді….

4 responses »

  1. Фарид says:

    Теоретика жағынан ойға қонымды, бірақ, жүзеге асырылуы… Бір сөзбен, утопия, утопия, утопия…

  2. Ansar says:

    Ойыңыздан айналайын!🙂

    Қиыны қиын ғой, ағасы. Тіпті, бір әйелмен тұрса да қиын болыр жатқандар бар емес пе. Бастысы, бәйбішесі түсіністікпен қараса, және қыздың ата-анасы Айжан секілді ойласа, еш қиындық болмайды деп ойлаймын.

    • aizhannur says:

      menimwe, ar bir ata-ana oz kyzyna bak tileidi! jane otbasyly bolganyn, ana bolganyn kalaidy! belgisiz bireuden bala koterip, kein jalgyz basty ana bolganwa, ekinwi aiel bolsa da, zandy aieli degen at alde kaida jaksy… munda ew masele tuyndamu kerke dep oilaimyn…

      birak, kim bilsin…

  3. Ansar says:

    Жұрт ақылының жеткенінше ғана ойлай алады. Олардың сөзі мен дақпыртына қарамау керек.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s