Айтматовтың “Бетпе-бет” повестін оқып отырып, мынандай ойға келдім: егер мен Сейде болсам, соғыстан қашып келген жарымды үкіметке тапсырар ма едім, әлде Сейде ұқсап тығып, ауылдың сыртында тығылып жатқан күйеуіме ас апарым, тірі жанға сөз айтпай өтер ме едім? Әрине Алла сақтасын мұндайдан, бірақ мәселе мынады: егер Сейде күйеуін үкіметке тапсырса, ол сатқындық жасаған болып шыға ма немесе  тапсырмаса, жар алдындағы парызын орындаған болып шыға ма? Жаратқан басыма осы секілді сын жазбасын деп тілеймін. Алайда жүрегім Сейденің істегенін құптап тұр. Неге екенін білмеймін. Қашқын болса да, Сейдеге Ысмайыл күйеуі, сол себеп күйеуі  “қара” дегенді “қара” деп, “ақ” дегенді “ақ” деу заңдылық деп санаймын. Тіпті бейбіт өмірде де неше түрлі жағдайлар болып жатады ғой. Қашқын болмасын, бірақ бар елге қарсы шығып, кейде заңға қарсы қылықтар да жасайды ғой кейбір күйеулер, осындайда жары қалай әрекет қылу керек екен? Қалай ойлайсыңдар?

One response »

  1. Фарид says:

    Ерінің айтқаны заң, ісі ақ, басқа вариант көріп тұрған жоқпын. Әлгі шеңберлер мәселесі ғой. Алдымен ең кішкентай және әң жақын шеңбер. Ал қалғаны хикая, бос әңгіме менше…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s