Көріп қалып сезімнің бір ұшқынын,

аптықпа, асықпағын, тыныш,күнім.

Сарапта, ойлан, қара, астарын ұқ.

Шалып қалма күйдірер бар ыстығын.


Сезімнің от болмасын өртке туыс.

Бұйырсын  бақ онанда бір-ақ уыс.

Кезікпесін жолында өлі жүрек,

пенделер көңілі тар, жаны қуыс.


Білемін, жүрек әмір тыңдамайды

Кім біледі ол байғұс не қалайды?

С онда да ақыл емес, кеңес деп біл.533-god-can-heal-a-broken-heart

Сезім кейде оңдырмай жаралайды….

3 responses »

  1. Ansar says:

    Жүректің сезім арқылы жаралануын алдын ала білмейтінің қиын екен. Әр қашан да басы жақсы болғандықтан болашағына назар аудара бермейсің.

  2. Фарид says:

    Бұл тақырыпта кеңесшілік жүрмейді, Бибіжан… Талай көрдік қой, қайсыбірі тіпті байқа деген жай сөзге бола өкпелеп қалады, сен ештеңе білмейсің, сүйем оны күйем деп… Бұл әркімнің өзі көріп, басынан өткеруі керек тәжірибе менше.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s