саған деген сезімнің қалдығынан

жасап алғам тәніме жанды мына

сен кетерде мәңгіге тығып кеттің

жүрегімді,жанымды сандығыңа.


қуыс кеуде ішінде жүр жаңғырық

есіміңді қайталап бір ән қылып

ал сен болсаң,сен болсаң алыс жүрсің

өзгелермен құр күліп,құр сән құрып


әлсіздікке берілмей,бір қасық мұң

тұзы болды ағылған көз жасымның

қара киіп, қайғырып жүргенім жоқ,

кетсең,кеттің, тірімін,көр, асылым.


Күн сөнбеді, өшпеді жұлдыз-айым,

сол баяғы жайқалады бақта қайың.

тек жүрегім тұншығып жүр,сонда дағы,

сандығыңды ешкімге ашқызбаймын….

2 responses »

  1. Ansar says:

    Соңғы жағы қатты әсерлі екен

    Өміріңіздің қазынаға толы сандығы ғой.

  2. Ақбөкен says:

    Әрине соңғы жағы өте әсерлі екен

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s