Көп уақыт бір нәрсені уайымдай берсең, ақыры уайымдап шаршайды екенсің. Бір адамды сағына берсең, күте берсең, бір өзгеріс болады ау деп үміттене берсең, бүгін емес, ертеңнің келуін асықтырсаң – өмір зымырап өте береді, ал сен сол қалпы рухани комада жата бересің. Одан да жалығасың, ол да бір күні мазаңды алады, ап ауыр жүктен арылғың келеді. Физикалық тұрғыда өзіңді зілдей ауыр бетон плитаның астында жатқандай сезінесің. БОЛДЫ!
Міне, ақырындап комадан шыға бастаған сияқтымын. Жаңа оянған адам ұқсап, көзімнің алдында бәрі бұлдырап тұр. Қайда жүру керек, қандай мақсат қою керек, қандай армандар ойлап табу керек, кімге арқа сүйеп, кіммен бірге болашаққа тіке қарау керек деген сияқты ойлар пайда болды. Жүрісім әлсіз, армандар алақандай ғана, тірек – ноль. Бірақ, тірек болғысы келетіндей адам бар сияқты. Оны уақыт көрсетеді. АЛЛА біледі, алдымда не күтіп тұрғанын.
Мынаны жылайын деп жазып отырған жоқпын. Ішімдегіні тарқатып, шамалы жеңілдеп қалайын дегенім ғой. Әйтпесе, жылайтындай жас та қалмады. Тек өкініш бар… Бірақ,ол тек АЛЛАға аян. Адамға оны түсіну үшін менің орнымда болу керек, әйтпесе, ұғу тіпті мүмкін емес.
Біраз нәрсе жоспарымда тұр, соларды іске асыру керек еді… Бұйырса соған көшетін шығармын.
З.Ы. Керекинфоға жазабайтын шығармын енді. Бір түрлі жат сезініп қалыдм. Ювижнге тіркелдім.
Blogroll
-
Соңғы жазбалар
Категориялар
Беттер
Мұрағаттар
Ілмектер :)
8 наурыз lyrics song sway Taking back my love Айкона Астана Гомосексуалисттер Жүрек Лесби жұптары Саябақ Сағыныш Сиара Энрике Иглесиас аударма ақ қонжық аққулар блог депрессия жарақат жаңа өмір киім кешек кітап көктем махаббат мереке музарт неке поэзия сезім сыйлық сыйлықтар сүйіктім той топ ондық трансвеститтер туылған күн фотосурет Қалдықыз қарым қатынас қыз құттықтау ән Өлең өкпе
Уақыт бәрін емдейді екен…